• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысының экономикасына инвестиция жыл басынан бері 244 млрд теңгені құрады – әкімдік

Қарағанды облысының экономикасына инвестиция жыл басынан бері 244 млрд теңгені құрады – әкімдік

2 Қараша, 2015 10:08
Қарағанды облысының экономикасына тартылған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында 244 млрд теңгені құрады, деп хабарлады әкімдік.

Облыстық экономика және қаржы басқармасының мәліметі бойынша, 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 1 трлн 386 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда өсім 3,9%.

Экономика өсімі тауар өндіру саласындағы 6,6% өсім есебінен қамтамасыз етілді. Осы ретте, өндіріс 0,9% арты және өткен жылмен салыстырғанда өсім  44,6% құрады.

Жалпы өсімге өндірістік өнеркәсіптің өсімі, салаға тартылған үлкен көлемдегі инвестиция, мал шаруашылығының өндірістік өнеркәсібінің өсімі есебінен қол жеткізілді.  

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісі толығымен қамтамасыз етіліп,  110,8 млрд теңгені құрады.

Аталып өткендей, 120,5 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді. 

Барлық жаңалықтар