Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

2 Қараша, 2015 08:52
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы», бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың қауымдастықтарының қызметін кешенді реттеуге бағытталған «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы», бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 

Заң мәтіндері  баспасөзде жарияланады. 

Барлық жаңалықтар