Степногорскта тілдерді дамытудың маңызды мәселелері талқыланды

31 Қазан, 2015 16:04
Степногорскта тілдерді дамытудың маңызды мәселелерін «Тіл - халық қазынасы» дөңгелек үстеліне қатысушылар талқылады, деп хабарлады облыстық ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Степногорскта бейбітшілік пен келісімде көптеген этнос өкілдері өмір сүреді, олардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруі үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде халқы кем дегенде екі тілде ойлайтын мемлекеттер санаулы және олардың қатарында Қазақстан да бар. Бұл біздің ұлттық байлығымыз. Бүгінде бізде үш тұғырлы тілді дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«Дөңгелек үстелде сөз сөйлегендер Қазақстан – біз қай тілде сөйлесекте ортақ үйіміз деген ойларын білдірді.  Бұл туралы тек ұмытпау керек. Сонымен қатар, балаларымызға кішкентайынан мемлекетімізде тұратын халықтардың мәдениетіне, тіліне құрметпен қарауды үйреткен жөн.  Бұл азаматтылықты және патриоттық тәрбиені қамтамасыз ететін болады. Аталмыш міндетті қаладағы мектептер мен колледждердің педагогикалық ұжымы жүзеге асыруға тырысуда», - делінген хабарламада.  

Бұл дөңгелек үстел дәстүрге айналған және жыл сайын өткізіліп келеді. Мұндай шаралардың міндеті – адамдарды ынталандыруда мемлекеттік тілді енгізу. Мелекеттік тілді дамыту бойынша жұмыс мемлекеттік тілді дамыту және жұмыс істету бойынша бекітілген қалалық бағдарламаға негізделген. 

Барлық жаңалықтар