• Басты
  • Қорғаныс министрлігінің қарамағына ауысқаннан кейін әскери мектеп тәрбиеленушілері алғаш рет ант берді

Қорғаныс министрлігінің қарамағына ауысқаннан кейін әскери мектеп тәрбиеленушілері алғаш рет ант берді

31 Қазан, 2015 15:03
Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент «Жас ұлан» республикалық мектебінде 9 және 10-сыныптардың тәрбиеленушілерін антқа келтіруге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады ҚР ҚМ.

Іс-шараның негізгі мақсаты мектеп тәрбиеленушілеріне әскер мен Отанға қызмет етуде сүйіспеншіліктерін ояту болып табылады.

Әскери мектептің 204 тәрбиеленушісі Отанға адал және абыроймен қызмет етуге және әскери істің негізін танып-білуге ант етті.

Шымкент республикалық мектебінің жас ұландары ант беруден кейін мектеп аумағында орналасқан Кеңес Одағының батыры генерал-майор Сабыр Рақымовтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғын қойды.

Мектеп 1984 жылы құрылған, 2003 жылы ол мектепке Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымовтың есімі берілді. Онда барлығы 450 тәрбиеленуші білім алуда.

Айта өтейік, ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағына ауысқаннан кейін бұл мектеп тәрбиеленушілерінің алғашқы антқа келтірілуі екенін айта кеткен абзал. Екі ай бұрын Шымкент қаласындағы республикалық әскери мектеп-интернаты қорғаныс ведомствасының иелігіне ауысып, Алматы және Қарағанды қалаларындағы мектептермен бірге қайта аталған болатын. 

Республикалық әскери мектеп-интернаттарында оқу мерзімі екі жыл (10 және 11-сыныптар). Оған түскен жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектебінің 9-сыныбын тәмамдаған және негізгі орта білім туралы куәлік алған ер балалар қабылданады. Оқушылардың әскери мектептерге оқуға түсуге ниет білдіруі туралы өтініштері әскери мектептерге тікелей ата-аналармен беріледі.  Бұл әскери мектеп-интернаттары 1983-1984 жылдары құрылды және суворов мектептерінің үлгісі бойынша қалыптасқан. Яғни, әскери киім нысаны,  ұйымдық құрылым, әскери тәртіп бойынша өмір тәртіптілігі.  Бүгінгі күні көптеген түлектер әлем елдерінің жоғары әскери оқу орындарына түсуде, Қарулы Күштерде және Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және өзге елдердің басқа да күштік құрылымдарында қызмет етуде, ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің командирлері болып табылады, жоғары офицерлік атақтары мен мемлекеттік марапаттары бар. 

Шымкенттегі антқа келтіру рәсіміне Ұлы Отан соғысының арлагерлері, тыл еңбеккерлері, ұлтаралық жауынгерлер, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері, Шымкент шаһары мен облысы әкімдігінің өкілдері келді.
 

Барлық жаңалықтар