- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құрметіне ескерткіш ашылды
Ақмола облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құрметіне ескерткіш ашылды
Ескерткіштің ауыл мектебінің ауласында орнатылғаны – оқушылар аталарының қаһармандығы жайлы білсін – деген ниет жатыр. Ескерткіштің ашылуы да Жеңістің 70 жылдығының бір белгісі болып отыр.
Ескерткіш Соғысқа қатысқандардың ұрпақтары мен демеушілерінің қаражаттары есебінен салынды.
Жиынға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сағнай Сейітжанов, Староколутон ауылдық округінің әкімі Владимир Крапивко, құрылыс ұйымдастырушылары,ауыл тұрғындары және көптеген ауыл қонақтары қатысты.
Жиында сөз сөйлегендердің барлығы да, өз өмірлерінің бағасымен бізге бейбітшілікті сыйлаған азаматтарының есімдері ұмытылмас үшін аталған істің маңыздылығын айқындатты.
Ескерткіш орнатуға түрткі болған Мария Дидиченконың айтуынша Ковыленкадан соғысқа 94 сарбаз аттанған. Олардың жартысынан көбі соғыстан үйге оралған жоқ. Ескерткіште Отанын қорғағандардың барлығының есімдері жазылған. Мария Дидиченконың өзінің 7 туысқанының есімі жазылған екен.
Соғысқа қатысқан ковыленкалықтардың туыстарының көбі қазір Атбасар ауданында тұрады екен. Ескерткішті орнату үшін қаражатты жинау туралы хабарламаны олар бастаған екен. Сондықтан Ковыленка мектебінің ауласында сол күні көпшілік жиналды.
Салтанатты іс-шараның ұйымдастырушылары да ашылу салтанаты, мәңгілік алау, гүлдер, шашу рәсімі және ескерткіш фото үшін алғыстарға бөленді.
Ресми ашылу салтанатынан кейін барлық қатысушылар мектепке шықырылды, ал оқушылар мен ұстаздар қауымы қонақтар үшін арнайы концерттік бағдарламасын ұсынды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар