- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Н.Назарбаев жаңа ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне қол қойды
Елбасы Н.Назарбаев жаңа ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне қол қойды
«Мен сәуір айында жариялаған «5 реформа», «100 нақты қадам» деген тапсырма бар. Сол жөнінде Парламент жұмыс істеп, 59 заңнаманы қабылдауы қажет. Бұл жұмыс қазір қауырт істеліп жатыр. Сол заңдардың ішіндегі 16 Заңға мен қол қойып үлгердім. Қазіргі қол қояйын деп отырғаным 17-ші заң. Бұл жоспардың маңызды бағыттарының бірі заңның үстемдігін қамтамасыз ету деген тәртіп бар. Жаңа кодексті қабылдау арқылы осы міндетті орындауға кірісеміз», - деді мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев атап өткендей, жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі құқық саласын түбегейлі жақсартатын болады.
«Азаматтық іс жүргізу кодексіне еліміздің құқықтық жұмысын әлемдік стандарттардың озық деңгейіне жеткізетін өзгерістер енгізілді. Біріншіден, Қазақстан жаңа жылдан бастап 5 буынды сот жүйесінен 3 буынды сот жүйесіне көшетін болады. Екіншіден, инвестициялық дауларды қараудың жаңа тәртібі енгізіледі. Сол арқылы елімізде жаңа жағдайда экономикалық даму үшін маңызды рөл атқаратын инвестициялық тартымдылығы арта түседі», - деп толықтырды ҚР Президенті.
Сонымен қатар, құжат азаматтық сот жүргізу ісінде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Соттың атқарып жатқан жұмысы барлық ел үшін жариялы болады. Бұл жағдай сот жұмысының анықтылығын айтарлықтай жақсартады.
«Бұдан басқа, татуластыру және сотқа дейінгі реттеу шарасының қолданылу аясы кеңейеді. Татуласу шарасын кеңінен қолдану сот жүйесіне жүктемені азайтатын болады. Ең бастысы, дауды шешу мерзімі қысқарады», - деді Мемлекет басшысы.
«Жаңа Кодекстің бұл нормалары соттық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Жалпы, азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мақсатында қыруар шаруа атқарылды», - деп түйді Н. Назарбаев.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар