Ақтөбе облысында жаңа мектеп ашылды

31 Қазан, 2015 12:07
Ақтөбе қаласының Құрайлы ауылдық округіндегі Өрлеу елді мекенінде №57 орта мектебінің жаңа ғимараты оқушыларға есігін айқара ашты, деп хабарлады қалалық ІСБ.

Жаңа ғимаратты тапсырысқа беру салтанатты жиынында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын қатысты.

Заманауи үлгіде салынған мектеп үш қабатты ғимаратта орналасып, 270 орынға арналған. Аумағы 3076,0 шаршы метр.

Мектеп құрылысын салуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Сметалық 372.2 млн. теңгені құрайды.

Мектептің оқу-тәжірибелік аймағында орналасқан биологиялық, географиялық алаңдар лабораториялық-тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырып, өткізуге арналған.

Мектептің спорт алаңында жүгіру жолағы бар спорттық ядро, баскетбол мен волейболға арналған біріктірілген алаң бар.

Бірінші қабатта 120 орындық асхана, 2 технология кабинеті, медициналық блок, психолог пен логопед кабинеттері, спорт зал және 3 оқу бөлмелері бар.

Екінші қабатта әкімшілік блоктар, және қазіргі заманға сай жабдықталған биология кабинеті, 50 орындық оқырмандар залымен кітапхана, медиатека, бір лингафон кабинеті мен 5 оқу бөлмелері орналасқан.

Үшінші қабатта 120 орындық мәжіліс залы, физика, химия кабинеттері бар.

Білім ордасында сабақтан тыс уақытта үйірме жұмысын ұйымдастыру, сонымен қатар 2 класс /комплекті мектепалды дайындық класы ашылады, 3-5 жас аралығындагы тәрбиеленушілерге 3 топтық шағын орталық бар. Қонақтар мектеп ішіндегі сыныптарды, ас бөлмесін, акт және спорт залдарын аралағанан кейін және ұстаздар, оқушылармен әңгімелескеннен кейін мектеп ғимаратының ауласына шырша ағаштарын отырғызды.

Барлық жаңалықтар