- Басты
- Жаңалықтар
- Санкт-Петербургте қазақстандық армияға арналған жаңа корабльді суға жіберді
Санкт-Петербургте қазақстандық армияға арналған жаңа корабльді суға жіберді
Салтанатты іс-шараға Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясының оқу-жаттығу орталығында теориялық оқу курсынан өткен корабль командирі капитан-лейтенант Мұрат Баймұхановтың қолбасшылық етуімен кеме экипажы, сондай-ақ РФ-дағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери атташесі полковник Арнат Байжанов, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, «Қазарнаулыэкспорт» компаниясының мамандары қатысты.
Корабль базалардың, кемежайлардың, кеме жолдары мен жаға маңы бөліктерінің су айдынын минаға қарсы қорғау үшін арналған. Ол навигация мен тұрақтандырудың кіріктірілген шағын габаритті жүйесімен, гидрометеорологиялық қамтамасыз ету корабльді кешенімен, спутниктік навигациялық жүйелерді қабылдау аппаратурасымен, жаһандық теңіз байланысы, радиотарату және бақылау жүйесімен жабдықталған.
Сонымен бірге, кеменің жаппай қырып-жою қаруынан қорғау, әмбебап су және магниттік қорғау жүйелері, химияға қарсы желдеткіш қасиетке ие және жарақтандыруында атысты автоматтандырылған басқару жүйесі бар АК-306 штаттық артиллериялық кешені, 12,7 миллиметрлі оқшашары және тартқыш қару-жарағы бар.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК ӘТК-нің жарақтандыруында қазіргі заманғы зымыран-артиллериялық корабльдері, шағын күзет кемелері мен катерлер бар. Аталған мина-тартқыш кораблі осы арсеналды толтырады, оны пайдалануға беру қазақстандық әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді