• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-ның бірқатар жергілікті аймақтарында газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды

ОҚО-ның бірқатар жергілікті аймақтарында газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды

2 Қараша, 2013 12:35
Машат, Еңбекші, Еңбек, Жаңақоғам, Қызылбастау елді мекендерінде газ құбырын тарту жұмыстары аяқталып, тұрғындар үлкен қуанышқа кенелді, деп ОҚО-ның ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Аталған елді мекендерді «көгілдір отынмен» қамтуға бюджеттен 680 млн 521 мың теңге  бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Қанай»  өндірістік кооперативі жүргізді. Машат ауылдық округі Машат, Еңбекші, Еңбек,  Жаңақоғам,  Қызылбастау елді мекендерінде газ құбырын тарту жұмыстары аяқталып, тұрғындар үлкен қуанышқа кенелді»,- деп хабарламада нақтыланған.

Ал Керейт, Мақталы елді мекендерінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Әлеуметтік маңызы бар нысандарды пайдалануға беру рәсіміне аудан басшылары, депутаттар қатысты.

 

Барлық жаңалықтар