Павлодарда «Сәтті қадам» аясында тренинг өтті

30 Қазан, 2015 20:21
Павлодар облысы «Жас Отан» ЖҚ «Сәтті қадам» партиялық жобасының қатысушыларына арнап «Жұмысқа тұру алдындағы өзін-өзі таныта білу» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

Тренинг барысында қатысушылармен бірге вербальді және вербальді емес коммуникация, имидж және т.б. ұғымдар қарастырылды. Сонымен қатар, айтылған мәліметтерді тәжірибеде тексеру үшін «Атақты адамды тап», «Мен - бәрінен жақсымын» сынды ойындар ойнатылды.

Тренинг сонында ұйымдастырушылар жаттықтырушыға  ризашылықтарын білдіріп, «Тарих толқынында» атты Елбасының кітабын тарту етті.

Сондай-ақ, белсенді жоба қатысушылары өз тарапынан психологпен тағы мәрте тренинг өткізілсе деген тілектерін білдірді.  

Барлық жаңалықтар