• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты студенттерді ҮИИД бағдарламасы аясындағы нысандармен таныстырды

«Нұр Отан» партиясының жастар қанаты студенттерді ҮИИД бағдарламасы аясындағы нысандармен таныстырды

30 Қазан, 2015 19:51
Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Жас Отан» ЖҚ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Атырау аграрлы – техникалық колледжінің ветеринар мамандығының студент жастары облыстағы ҮИИД бағдарламасы аясында салынып, жұмыс жасап жатырған асыл тұқымды ешкі және сиыр шаруашылықтарында болып, жұмыс барысымен танысты.

Бүгінде Атырау ешкі шаруашылығы қол алынған алғышқы өңірлердің бірі. Ешкі сүтінен адам ағзасына пайдалы сүт өнімдері жасалып мектептерге, балабақшаларға таратылып, сауда орындарында сатылуда.

«Ал республика бойынша су жаңа технологиямен жабдықталуымен алда тұрған асыл тұқымды сиыр шаруашылығында барлығы 1400 бас сиыр малы бар. Олардың әрқайсысы күнінен орта есеппен 40-45 литр сүт берсе, ересек сиырлардың салмағы 500 келіге дейін жетеді», - деп хабарлады кәсіпкерлікте.

Студент жастар өздері оқып жүрген мамандықтары бойынша оқу үрдісінде алған блілімдерін іс тәжірибеде өз көздерімен көріп мамандарға сұрақ қойып, қанағаттандырылған жауап алды.

 

Барлық жаңалықтар