- Басты
- Жаңалықтар
- Әділет Министрлігінің өкілдері «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтардың өтініштерін тыңдады
Әділет Министрлігінің өкілдері «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтардың өтініштерін тыңдады
Сарыағаш қаласының тұрғыны Мақпал Тұрлыбекова видеоконференция байланысы арқылы қоғамдық қабылдауға қатысты.
«Мен екі баланың анасымын, өзім университетте оқимын. Бұрынғы күйеуім алимент төлеуден бас тартуда. Осы мәселе бойынша көмектесуіңізді сұраймын», - деді М.Тұрлыбекова.
М.Бекетаев бұл сұраққа қатысты аймақтың сот және атқарушы инстанцияларына көтерілген мәселені толық зерттеуді тапсырды. Дәл осындай сұрақпен қабылдауға Астана қаласының тұрғыны Гүлнұр Сағымбаева келді. Министрліктің өкілдері өтініш иесін тыңдап, аталған мәселе бойынша жұмыс атқарылатынын айтты.
Сонымен қатар, жергілікті жекеменшік нотариустың қызметіне наразылығы бар екенін Галина Самерга жеткізді. «Горбатенко есімді нотариус жылжымалы мүлікті заңсыз түрде тіркеп, келісімшарттарды жалған түрде рәсімдеген», - деді Г.Самерга. Бақытжан Әбдірайым бұл сұрақ бойынша жекеменшік нотариусқа ресми хат жолданып қатаң бақылауға алынатынын айтты.
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр