• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да елдегі стратегиялық құжаттарды жүзеге асыру бойынша ұсыныс жинау мақсатында «Халықтық пікір» атты акция өтті

ШҚО-да елдегі стратегиялық құжаттарды жүзеге асыру бойынша ұсыныс жинау мақсатында «Халықтық пікір» атты акция өтті

2 Қараша, 2013 13:10
«ҚР Стратегиясының 2050 жылға дейін дамуы» ақпараттық- насихаттаумен қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарламалар» жобасының аясында «Халықтық пікір» акциясы болып өтті, деп ШҚО-ның ішкі саясат басқармасы хабарлады.

« Шараның басты мақсаты - елдегі стратегиялық құжаттарды жүзеге асыру бойынша  ұсыныс жинау. Стратегиялық  құжаттарды білу деңгейін анықтау. Қала тұрғындарын «Қолжетімді баспана-2020» мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»   бағдарламасы  жайында ақпараттандыру үшін ақпараттық бланкілер таратылды», - деп хабарламада нақтыланған.  

Акция аясында тәлімгерлер тұрғындардың арасында мемлекеттік стратегиялық  құжаттарды білу бойынша сұрастырулар жүргізді.

«Сұрастыру қорытындысы бойынша халық стратегиялық құжаттардың мәнін түсінетіндігі байқалды. Көп жағдайда олар БАҚ-ннан  құлақдар болады екен», - деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының айтуынша  теледидардан  стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар жайлы бейнебаяндар жадта жақсы сақталып, әсер қалдырады.  

Шараның  ұйымдастырушысы  Азаматтық қоғам альянсы. 

Барлық жаңалықтар