- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов: Еркін сауда аймақ туралы Келісім – сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы посткеңестік кеңістіктегі басты құжат
К.Мәсімов: Еркін сауда аймақ туралы Келісім – сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы посткеңестік кеңістіктегі басты құжат
Баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде К.Мәсімов Қазақстан Достастықтағы төрағалығын аяқтайтынын еске салып өтті.
«Біздің жұмысымыздың өзегі сабақтастықты сақтау және алдында қабылданған келісімдерді жүйелі жүзеге асыру болды», - деді ҚР Премьер-Министрі.
Ағымдағы жылдың айтулы оқиғаларының ішінде К.Мәсімов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу бойынша іс-шараларды табысты жүзеге асыруды атап өтті. ТМД елдеріндегі Ардагерлер жылы аясында ондаған салтанатты іс-шаралар өткізілді. Мәдениет саласындағы маңызды оқиға Астанада ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның Х Мерейтойлық форумын өткізу болды.
«Бұл іс-шаралардың барлығы өте пайдалы, себебі олар елдеріміздің арасындағы игі қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік береді», - деп баса айтты К.Мәсімов.
Сонымен қатар, бүгін өткен ТМД ҮБК отырысы барысында Достастыққа қатысушы елдердің экономика, сауда, мәдениет және қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қатысты 40 мәселе қаралды.
«Бір жақты құрамда біз еркін сауда аймақ туралы Келісім – сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы посткеңестік кеңістіктегі басты құжатты жүзеге асыруды жете талқыладық. Кеңейтілген отырыс аясында ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясының үшінші кезеңін (2016-2020 жылдар) жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын қабылдап, мемлекетаралық пилоттық инновациялық жобалар Тізіміне қажетті нақтылаулар енгіздік», - деп толықтырды К.Мәсімов.
Бұдан өзге, Кеңес мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық бойынша шешімдер кешенін, оның ішінде ТМД-ның 25-жылдығына, жастар ынтымақтастығын, дене шынықтыру және спортты дамытуға арналған Іс-шаралар жоспарын мақұлдады.
Сондай-ақ, ТМД Үкімет басшылары мемлекетаралық іздеуді жүзеге асыру бойынша құзыретті органдардың өзара іс-қимылы Регламентін бекітіп, табиғи газды көлікке арналған мотор отыны ретінде пайдалануды дамыту және ынталандыру бойынша Іс-шаралар кешенін қабылдады.
Өз сөзінің соңында К.Мәсімов жылы шыраймен қабылдап, іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін тәжік тарабына және ТМД Атқарушы комитетіне алғыс білдірді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары