Үнді кәсіпкерлері ОҚО-ның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

30 Қазан, 2015 16:52
Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында Шымкентке үнді мемлекетінен бизнес-делегация келді, деп хабарлады ОҚО-ның баспасөз қызметі.

Делегация құрамында Халықаралық ірі компаниялардың басшылары мен олардың аймақтық өкілдері бар.

Облыс басшылығымен кездескен үнділік кәсіпкерлер бірлескен жобалар құрып, өңірге инвестиция тарту мәселелерін қарады.

 Кездесуде қос тарап агро-индустриалды аймақ, ирригациялық жүйелер құру, жол және тұрғын үй құрылысы, фармацевтика саласындағы жобаларды талқылады. Сапар барысында делегаттар «Оңтүстік» индустриялды аймағының жұмысымен танысты.

 

 

Барлық жаңалықтар