- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ қағазсыз технологияны қолданысқа енгізуде
ҚТЖ қағазсыз технологияны қолданысқа енгізуде
Қазіргі уақытта құжаттарды қағазсыз ресімдеу технологиясы Павлодар облысында қолданылады.
Жаңа жүйе жүкті жіберушілер мен қабылдап алушыларға қызмет көрсетуде темір жолшылардың жұмыс сапасын жоғарылата түспек. ШКЖ АБЖ тапсырмалдарды ұйымдастыру үдерісін автоматтандыруды, құжаттарды рәсімдеу, жүк тасымалдарының төлемақысы, алдын ала электронды ақпараттандыру секілді операцияларды қамтиды.
Шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың жаңа жүйесі оң нәтижесін көрсетіп жатыр. Бұл технологияны жүк жіберушілер заманауй әрі ыңғайлы деп бағалады. Қағазсыз технологияға көшу көптеген келісімдер мен бекітулерден босатып, жұмыстың тиімділігін арттырады.
«Бұрын көмірді тиісті жеріне жөнелту үшін тапсырысты тек жүкті шығаратын Атығай станциясына ғана емес, Павлодар жол бөлімшесіне де жіберту керек болаты. Қазір барлығы өте ыңғайлы. Құжаттарды кеңседен шықпай әзірлейміз. Құжаттарды қысқа уақыт ішінде ресімдеуге қол жеткіздіп, ГУ-12 тапсырыстарының келісілуін қадағалап отыру мүмкіндігіне ие болдық»,- деді «Ангренсор Энерго» ЖШС логистика бөлімшесі бастығының орынбасары Данара Абдилдина.
Ол сондай-ақ, клиент/төлеушінің жеке шотында ақша қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін, «Жүк тасымалдарын есептеу үшін тұтынушының жеке кабинеті» қызметінің ыңғайлылығын атап өтті.
Келесі жылдан бастап шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың жаңа жүйесі (ШКЖ АБЖ) Қазақстанның бүкіл аумағында қолданысқа енгізіледі.
-
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
М.Әбенов: Шектеулер енгізуден басқа амал жоқ -
ҚТЖ барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде -
«ҚТЖ» жұмысқа тұрғызғаны үшін пара алуды жоюға ниетті
-
Қазақстан қағаз өндірісінде жаңа технологияны енгізе бастады -
Құрық паром кешенінде қағазсыз технологиямен ресімдеу іске қосылады -
ҚТЖ 2018 жылы жүк айналымын арттырады -
ҚТЖ өндіріске қауіпсіздіктің жаңа стандарттарын енгізді -
ҚТЖ қызметкерлерінің әлеуметтік жеңілдіктері 2018 жылы 16 пайызға артады -
ҚТЖ астық тасымалдау үшін қосымша 2 мың вагон алады -
Қазақстанның БҰҰ-дағы мүшелігіне арналған пошталық маркалар қолданысқа енгізілді -
«ҚТЖ» ҰК» АҚ –да электронды сандық кітапхана іске қосылады -
2019 жылдан бастап Қазақстанның медициналық ұйымдары қағазсыз құжат айналымына көшіріледі -
ДСМ «Жасанды интеллект» жобасын енгізуде – А.Цой -
Алыс шетелге бидай экспорты артты – ҚТЖ - Жүк тасымалдары