Шымкентте бұрынғы БЖСМ мекемесі балабақша болып қайта жаңғыртылды

2 Қараша, 2013 11:05
Шымкентте «Күншығыс» ауданында 220 орындық балабақша ашылды, деп ОҚО-ның ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 200 балабақшада 33 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Жыл соңына дейін қамту деңгейін  70 пайызға  жеткізу жоспарға алынған», - деп хабарламада  нақтыланған.

 Осы мақсатта  ағымдағы жылдың  қазан айында жаңадан 280 орындық «Асар» ша5ын ауданында, жыл соңына дейін мемлекетке қайтару арқылы «Күншығыс», «Тұрлан» шағын аудандарында жаңадан 2 балабақша іске қосылмақ.  

Осы орайда «Күншығыс» мөлтекауданында орналасқан №1 олимпиада  резервін дайынтайтын балалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандырылған спорт мектебін балабақша ретінде қайта құру жұмыстары жүргізіліп, бүгін салтанатты жағдайда есігін айқара ашты. Қазір мұнда 220 бала тәрбиеленетін болды.

Барлық жаңалықтар