- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылдан бастап мейіргерлік іс оқытушылары үшін ортақ магистратураны енгізу жоспарланып отыр
2017 жылдан бастап мейіргерлік іс оқытушылары үшін ортақ магистратураны енгізу жоспарланып отыр
Ол «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторындағы институционалдық реформаларды жүргізу мен технологияларды тарату» атты Дүниежүзілік банк жобасының аясында ҚР ДСӘДМ Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеттері Федерациясымен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап мейіргерлік іс мамандарын даярлауды жетілдіру бойынша шаралар өткізіліп келе жатқандығын мәлімдеді.
Қазақстандық мамандар ФУАС халықаралық сарапшыларымен бірлесе отырып, практикалық дайындығы басым білікті мейіргерлерді дайындауға бағытталған «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жасады. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған бағдарлама еліміздің алты медициналық колледжінің базасына пилоттық режимде енгізілді.
Сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеттері Федерациясы халықаралық сарапшыларымен бірлесе отырып, 2016-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдіру бойынша жол картасын әзірледі.
«Оның аясында мейіргерлік қызмет мамандарын дайындау оқыту бағдарламаларын жетілдіру, мейіргерлік білімді басқару қағидалары, медициналық колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуетін нығайту сияқты шаралар жүзеге асырылады. Жол картасын жүзеге асыру барысында ҚР ЖОО мен колледждеріндегі мейіргерлік іс оқытушылары үшін бірлескен Қазақстандық-Финдік магистратураны енгізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады Алма Сыздықова.
Сонымен қатар, ол медколледждердегі оқытушылар мен басқарушы лауазымдарға халықаралық жетекші мамандар шақырылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, мейіргерлік іс мамандарының регистрін жасау, мейіргерлік іс жоғарғы мектептері мен колледждерін қайта құру, медколледждер оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр.
Астана Медициналық колледжінің 80 жылдығына арналған конференция барысында ҚР ДСӘДМ, еліміздің медициналық колледждерінің, Омск мемлекеттік медициналық университеті медициналық колледжінің (Ресей), қолданбалы ғылымдар университеттерінің Федерациясы (Финляндия) өкіл-қатысушылары және өзге де мамандар Қазақстандағы мейіргерлік іс қызметін дамыту саласының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, мейіргерлік іс мамандарын дайындаудың заманауи тәсілдері бойынша халықаралық серіктестермен тәжірбие алмасты.
Денсаулық сақтау саласы отандық және халықаралық сарапшыларының пікірінше, мейіргерлік іс саласында жүргізілетін реформалар аталған процесті ақпараттандыру, басқаруды жетілдіру, біліктілікке негізделген мейіргерлерді дайындау білім стандарттарын әзірлеу мен халықаралық мойындалған үлгісіне сәйкес жалпы практика мейіргерлердің біліктілік талаптарын дайындаудан басталғаны дұрыс.
Республикадағы мейіргерлік істі жетілдіру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жобасының басты шараларының бірі болып табылады.
Мейіргерлік істі қоғамның заманауи сұранысына әрі халықаралық талаптарға сай дамыту медициналық қызмет сапасын жақсартып, халық сұранысын қанағаттандырады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді