- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық музейде болды
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық музейде болды
Мемлекеттік хатшы музейді аралау барысында «Археология», «Тарих», «Алтын», «Қазіргі заманғы өнер» залдарымен, сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тарихи жады және тағылым» және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Ұлттық натюрморт» көрмелерімен танысты.
Г.Әбдіқалықоваға сондай-ақ музейдің әлемдегі қазіргі заманғы музей ісін дамытудың жаһандық трендтеріне сай келетін Ұлттық музей қызметінің негізгі бағыттары баяндалды. Қазіргі кезде музей Жорж Помпиду (Франция) атындағы Ұлттық өнер және мәдениет орталығымен, Амброзиана (Италия) кітапханасымен, Тан династиясы тұсындағы (Қытай) ежелгі Батыс базарының Сиан музейімен, Ресейдің Мемлекеттік Эрмитажымен және басқа да мұражай орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған.
Музейді аралап көргеннен кейін Мемлекеттік хатшы Ұлттық музейді одан әрі дамытуға қатысты бірнеше нақты тапсырма берді.
Ұлттық музей Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша 2013 жылы құрылды. «Алтын Адамның» ғылыми реконструкциясы және ежелгі аң кейіптес стильде жасалған скиф-сібір алтын бұйымдары музейдің басты жәдігері болып саналады. Ұлттық музейдің басты ерекшелігі – мұнда бірегей имек экран, медиа еден, Астана қаласының қазіргі орталық бөлігінің макеті, бірнеше медиа экрандар, голограммалар, диод шамдармен жабдықпен LED-техника, сенсорлық киоскілер, мультимедиялық гид сияқты заманауи инновациялық музей технологиялары қолданылады. Бүгінгі таңда музей қорындағы жәдігерліктердің жалпы саны 188 мыңнан асады.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 26 халықаралық және республикалық көрме, соның ішінде «Тарихи жады және тағылым», «Ортақ Жеңіс», «Қазақ құқығының тарихы», «Мәңгілік Ел» және басқа да көрмелер ұйымдастырылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары