- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жыл соңына дейін тағы 5 балабақша пайдалануға беріледі
Маңғыстау облысында жыл соңына дейін тағы 5 балабақша пайдалануға беріледі
Ағымдағы жылы білім беру шығыны 45,5 млрд теңгені құрады. Бүгінде аймақта балаларға арналған мектепке дейінгі 217 мекеме жұмыс істейді, оларда 29,7 мың бала тәрбиеленуде.
«Білім беру нысандарын дамытуға 7,6 млрд теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен - 4,1 млрд теңге және жергілікті бюджеттен 3,5 млрд теңге. Бүгінде 2790 орынға есептелген 12 балабақша пайдаланылуға берілді. Атап айтар болсақ, Мұнайлы ауданында әр қайсысы 280 орынға есептелген 2 балабақша, Бейнеу ауданында әр қайсысы 140 орынға есептелген 2 балабақша, Түпқараған ауданында 140 және 50 орынға есептелген 2 балабақша, Ақтауда 4 балабақша – 1-уі 280 орынға есептелсе, 3-уі 840 орынған есептелген, Жаңаөзенде 640 орынға есептелген 2 балабақша ашылды. Бұдан басқа, 760 орынға есептелген 11 жекеменшік балабақша ашылды. Сонымен қатар 1080 орынға есептелген тағы 5 балабақшаның құрылысы аяқталуда», - деді Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Светлана Нарешова.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қарақиян ауданындағы Жетібай ауылында 280 орынға есептелген балабақшаның және Бейнеу ауылында 900 орынға есептелген орта мектептің құрылысы басталды.
«Қарақиян ауданындағы Құлан мен Жетібай ауылдарында әр қайсысы 624 орынға есептелген екі мектеп пайдаланылуға берілді, білім ошақтарының құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Осылайша Маңғыстау облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі түбегейлі шешілді», - деп атап өтті С. Нарешова.
Үш ауысымда жұмыс істейтін мектептерді жою мақсатында Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында 1200 орынға есептелген орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Білім беру саласының 7 нысаның күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері