• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық депутаттар Әзірбайжанда сайлау өткізуге бақылаушы ретінде қатысуда

Қазақстандық депутаттар Әзірбайжанда сайлау өткізуге бақылаушы ретінде қатысуда

30 Қазан, 2015 11:07
Мәжіліс депутаттары Серікжан Қанаев пен Самиғолла Оразов парламенттік сайлау өткізуге әзірлік жасап жатқан Әзірбайжан Республикасында бақылаушы ретінде жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

С. Қанаев Түрктілді елдер (ТүркПА) Парламенттері Ассамблеясының, ал С. Оразов - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД ПАА) мүше-мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының атынан бақылаушылар миссиясына қатысуда.

Миссия шеңберінде саяси партиялардың көшбасшыларымен, Орталық сайлау комиссиясының және Әзірбайжанның Милли Меджилисінің басшылығымен кездесіп, сонымен қатар сайлау учаскелеріне баратын болады.

Әзірбайжанның Милли Меджилисіне кезекті депутаттар сайлауы осы жылдың 1 қарашасында өтеді.
 

Барлық жаңалықтар