- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 қатысушылары Қытайдың танымал «Терракота әскерлері» көрмесін тамашалайды
ЭКСПО-2017 қатысушылары Қытайдың танымал «Терракота әскерлері» көрмесін тамашалайды
Елімізде әлемнің сегізінші кереметі саналатын «Терракота әскерлері" көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі келіссөздер Қазақстаннның бас мәдени ведомствасы өкілдері мен реставрация, сақтау және археология саласының отандық жетекші мамандарының ҚХР мәдениет Министрлігінің шақыруы бойынша Қытайға сапары аясында өтті.
Өздеріңізге белгілі, «Терракот әскерлері" - әлемдік ЮНЕСКО мәдени мұрасының және Қытайдың мемлекеттік деңгейіндегі нысандар тізіміне енгізілген дүниежүзіндегі танымал теңдессіз тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі. Терракот әскерлерінің табылуы 20-ғасырдың ең үлкен жаңалықтарының бірі болды.
Әлемнің сегізінші кереметі саналатын император Цинь Шихуанды күзетіп тұрған тарихи және мәдени маңыздылығы теңдессіз терракот әскерлері Қытай елінің басты мәдени нысандарының бірі. Ежелгі шеберлер қолынан шыққан бірегей туындылар сол кезеңнің әскери әлеуетін, мәдениет мен экономикасын толық зерттеуге мүмкіндік береді.
2002 жылы Ральф Грюнеберг және Буркард Пфренцигер сияқты мүсіншілер әскерлердің дәл көшірмесін жасады. Олар ежелгі әдіс арқылы 150 ескерткіш жасап шығарды. Бұл көрме әлемнің бірқатар қалаларында Стокгольм (Швеция), Дорнбирн (Австрия), Брюссель (Бельгия) болғаны белгілі. Қазақстан осы көрмені ұйымдастырған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болмақ.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Сиань қ. (ҚХР) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мәдениет министрліктері арасында тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау, жаңғырту және консервациялау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
-
ҰОС қатысушыларына 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді -
Б. Нұрымбетов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларын құттықтады -
Қазақстанның үздік тауарлары көрмесінде 153 кәсіпорын өз өнімін ұсынады -
Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобалары -
Қазақстан автотуризмді дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолданады -
«Eurasian Book Fair–2019»: Халықаралық кітап көрмесінің артықшылығы -
Цзянь Цзэмин: Қытайдың Қазақстанға территориялық таласы жоқ -
Бір белдеу – бір жол: 5 жылда Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы қалай дамыды -
Астананың 20 жылдығы: Танымал болатын картиналар қоры жинақталды -
Қазақстан мен Қытайдың өзара сауда көлемі 11 миллиард долларға жуықтады -
Н.Назарбаевқа «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды -
Елбасы Рәпіл Жошыбаевты ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары қызметінен босатты -
ЭКСПО көрмесінде ұсынылған жобаларды қолдану мүмкіндігі қарастырылуда -
В. Лоссерталес: ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты өтуі ҚР Президентінің жеке қолдауының нәтижесінде жүзеге асты -
ҚР Президенті «100 жаңа есім» жобасының қатысушыларын бірегей деп атады