- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында көшпелі отырыс өткізді
Мәжіліс депутаттары Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында көшпелі отырыс өткізді
Мәжіліс депутаттары ҰҒО-ның атқарып отырған жұмысымен, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) жерүсті инфрақұрылымы, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі (ДЖСНЖ) қызметімен танысты. Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚұСК) құрылысының барысын көріп, ЖҚЗ ғарыш аппараттарын басқару және ғарыш түсірілімдерін өңдеу орталықтарындағы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ мамандарының жұмыс орындарына барды, деп ведомстводан хабарлады.
ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков іс-шаралар барысында депутаттық корпустың өкілдеріне республикадағы ғарыш саласының қай кезеңде дамып жатқаны туралы әңгімелеп берді.
«Елімізде маңызды ғарыш инфрақұрылымы құрылды, оны пайдалану мен тиімді қолдану құқықтық және заңнамалық актілерді қажет етеді», - деп атап өтті М. Молдабеков.
Ғарыш қызметі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Қазақстанның мүддесінде ғарыш технологияларын қолдану туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожиннің баяндамасын аса қызығушылықпен тыңдады. Атап айтқанда, еліміздің экономикасы үшін ЖҚЗ қазақстандық спутниктерінің өнімдері мен қызметтерін тәжірибеде пайдалану туралы әңгіме болды.
Мәжіліс депутаттарының көшпелі отырысына қатысушы, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау атап өткнедей, қазіргі уақытта «Ғарыш қызметі» заңына маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді