- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық тауар өндірушілер Мәскеудегі «Химия-2015» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды
Қазақстандық тауар өндірушілер Мәскеудегі «Химия-2015» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды
Айта кетерлік жайт, «Химия-2015» көрмесі Ресейдегі химия тақырыбы бойынша беделді шаралардың бірі. Сарапшылардың бағалауынша, көрме саланың дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді және өзара байланыстарды дамытуда.
Мерейтойлық көрмеге әлемнің 24 мемлекетінен келген 400-ден астам компания қатысуда. Көрме алаңы 20 мың шаршы метрден асты.
«KAZNEX INVEST»АҚ қолдауымен қазақстандық тарапты «ҚазФосфат» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «НОВОПЭК» ЖШС таныстырды.
«Бүгінгі таңда бұл біздің аталмыш көрмеге үшінші рет қатысуымыз. Оған қатысу біз үшін аса маңызды, себебің мұнда химия саласындағы ресейлік ірі компаниялар және алыс, таяу шетелдің компаниялары таныстырылған», - деді «НОВОПЭК» ЖШС коммерциялық директоры Айдар Жақыпов.
А. Жақыпов түсіндіріп кеткендей, мұндай көрмелерге ірі компаниялардың бірінші басшылары қатысады және бұл өз кезегінде келіссөз жүргізуді, ортақ келісімге келуді айтарлықтай жеңілдетеді. Ол атап өткендей, аталмыш көрме барысында отандық өндірушілерге де қызығышылық білдірілді.
«Біздің компания экспортқа бейімделген. Атап айтқанда, тек Ресейдің өзіне жылына шамамен 4 млн қап жөнелтіледі. Ағымдағы жылы осы көрме аясында біз ресейлік «Фосагро» компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге отырдық» деді А.Жақыпов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы