- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Елшісі Мальта Орденінің Князі және Ұлы Магистріне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Елшісі Мальта Орденінің Князі және Ұлы Магистріне сенім грамоталарын тапсырды
Салтанатты рәсімге Ұлы Командор Фра Людвиг Хоффман фон Румерштейн, Ұлы Канцлер – Сыртқы істер министрі Альбрехт Фрайгер фон Бёзелагер және Мальта Орденінің басқа жоғары санатты лауазымды тұлғалары да қатысты.
Салтанаттан кейін өткен әңгіме барысында Қазақстан және Мальта арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Фра Мэтью Фестинг ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін ұйымдастыру бойынша бастамасына жоғары баға беріп, бұл дінаралық диалогты дамыту халықаралық қауымдастықтың сұранысына жауап береді және Мальта Орденінің мүдделеріне сай келетіндігін атап кетті, сондай-ақ 2016 жылғы мамырда Ыстамбұлда жоспарланған Халықаралық гуманитарлық саммит барысында Қазақстан Басшысымен кездесуге үміт білдірді.
Сонымен қоса, Князь Фра Мэтью Фестинг «ЭКСПО-2017» «Болашақ энергия» тақырыбының өзектілігін атап өтті. Ол Мальта Орденінің Астанада өткізілетін келешек көрмеге қатысуға қызығушылығын растады.
Қазақстанның бітімгершілік саясаты мен әлемдік сахнадағы өсіп келе жатқан рөлін айтып, Мальта Орденінің басшысы Ауғаныстанда соғыстан зардап шеккендерге және зәру адамдарға арнап бірлескен қайырымдылық жобасын жасауды ұсынды. Қазақстандағы әлеуметтік тұрақтылығы, этносаралық келісімі және діниаралық үйлесімділігі Мальта Орденінің жоғары моральдық құндылықтары мен мақсаттарына сай келетінін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы