- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда жарықтандырылған-музыкалық субұрқақ ашылды (ФОТО)
Талдықорғанда жарықтандырылған-музыкалық субұрқақ ашылды (ФОТО)
29 Қазан, 2015 20:43
Талдықорған қаласындағы «Жастар» демалыс саябағының ішінде орнатылған жарықтандырылған-музыкалық субұрқақтың құрылысы аяқталып, іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ашылу салтанатына қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мұндай субұрқақтың елімізде санаулы ғана екенін атап өтті.
«Сәнді субұрқақ қалалықтар мен қала қонақтары үшін серуендеп, тынығатын орынға айналады. Оны көруге еліміздің түкпір-түкпірінен туристер ағылып келіп жатса, таңқалмаймыз», - деді өңір басшысы А. Баталов.
Түрлі әуенге түрлі қимылдар жасап билейтін субұрқақ сан қилы бояуға боялғанда ерекше сәнді көрінеді. Сондай-ақ су бетінде лазерлік жарықтар арқылы түрлі бейнелер мен суреттердің, фигуралдар мен жазулардың айшықталып көрінуі тамашалаушыларды тіпті ерекше күйге бөледі.
Субұрқақтың құрылысын «Анор» ЖШС жүргізген, сметалық құны – 218 млн. теңге. Судың биіктігі 12 метрге дейін көтеріледі.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды -
Елордада белгілі суретші Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды