- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет отырысында бизнеске арналған рұқсат құжаттарын қысқарту мәселелері бойынша заң жобасы мақұлданды
Үкімет отырысында бизнеске арналған рұқсат құжаттарын қысқарту мәселелері бойынша заң жобасы мақұлданды
Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2015 жылы рұқсат құжаттарын 50%-ға қысқарту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Оның басты мақсаты қайталанатын және артық рұқсат құжаттарын алып тастау, рұқсаттарды хабарлау тәртібіне ауыстыру және рұқсат рәсімдерін оңтайландыру арқылы бизнеске әкімшілік қысымды азайту болып табылады.
Ерболат Досаев заң жобасында 481 рұқсаттан құралған толық тізім бекітілгенін айтты. Оған қоса, қару-жарақ, есірткі заттары, өрт сөндіру қызметі және басқа да салаларда қауіпті қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсаттар - 52, сондай-ақ халықаралық міндеттемелер аясында регламенттелетін рұқсаттар - 41 қысқартуға жатпайды.
Осылайша, Е.Досаев баса айтып өткендей, қысқартудың 50%-на қол жеткізу үшін 194 рұқсатты қысқарту қажет. Заң жобасында 152 рұқсатты немесе жалпы санының 39%-ын қысқарту көзделген.
«Сонымен қатар, өткен жылдың соңында қабылданған «ҚР-ның кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында рұқсат құжаттарының шамамен 11% немесе 42 рұқсат қысқарған болатын. Қарастырылатын заң жобасын қабылдау қысқартулардың жалпы санын 50%-ға жеткізуге мүмкіндік береді деген ойдамыз», - деп толықтырды ол.
«Мысал келтірер болсақ, егер бұрын көлік құралына жарнама орналастыру үшін сәйкес рұқсат құжатын алу қажет болса, ал осы заң жобасын қабылдаған соң оны алу қажет болмайды», - деп түйіндеді министр.
Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі заң жобасын мақұлдады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі