- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Микронезиямен дипломатиялық қатынастарды орнатты
Қазақстан Микронезиямен дипломатиялық қатынастарды орнатты
Қол қою рәсімі барысында екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды, сондай-ақ БҰҰ күн тәртібіндегі Қазақстан мен Микронезия үшін маңызды мәселелері талқыланды. Солардың ішінде – Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, теңізге шығуға жол жоқ елдердің, кіші арал елдерінің мәселелерін шешу және т.б.Тараптар өзара тиімді байланыстарды мәдениет, білім және туризм салалары төңірегіндедамыту маңыздылығын мойындады.
Қазақстан тарапы алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне Микронезияның өкілі қатысатынына үміт білдірді. Келе жатқан көрменің энергетика, энерго көздердің тапшылығы проблемасын, әсіресе дамушы елдер үшін шешу мәселелері аясындағы маңыздылығын атап өтті. Микронезияның басқа Орта Азия мемлекеттерімен таныстырып, ынтымақтастықты дамыту бойынша Қазақстан жағынан қолғабыс алуға мүдделі екендігін танытты.
Микронезия – тынық мұхиттық мемлекет, халқы 130 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл егеменді және демократиялық республика. Аграрлық өндіріс пен балық өнімдері, сондай-ақ фосфатты өндіру экономиканың басты секторларын құрайды. Мемлекет импортына тәуелді болып келеді, импорт экспорттан көп есе артық.
АҚШ және Жапония елдерімен тығыз қарым-қатынастарды қолдауда. Осы елдер Микоронезияның дамып келген экономикасына елеулі қаржы жәрдемін көрсетуде.
1991 жылдан бастап БҰҰ-ның мүшесі. Африка, Кариб теңізі мен Тынық мұхиттың 79 мемлекетінің халықаралық ұйымы АКТ елдері қатарына кіреді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы