• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Ерімбетов: Пәтер құнының негізсіз өскені жайлы Президенттің көтерген мәселесі жауапсыз қалды

Н.Ерімбетов: Пәтер құнының негізсіз өскені жайлы Президенттің көтерген мәселесі жауапсыз қалды

2 Қараша, 2013 11:15
Пәтер құнының негізсіз өскені жайлы Президенттің көтерген мәселесі жауапсыз қалды. Бұл жайлы ОКҚ брифингінде «Қазақстанның Азаматтық альянсы» президенті Нұрлан Ерімбетов мәлімдеді.

«Астана қалалық әкімдігінде жарты жыл бұрын Президенттің қатысуымен жиын өткені естеріңізде болар. Сонда Мемлекет басшысы Астана, Алматы мен өзге де ірі қалалардағы баспана бағасының негізсіз қымбаттағанын сынаған болатын», - деді Н.Ерімбетов.

Бүгінде, оның айтуынша, тұрғын үйдің шаршы метрі 2,5 мың доллар шамасында. Демек азаматтар жылдан жылға жүйенің құлдарына айналып бара жатыр деген сөз. Сондағы қаншама жыл жүріп бір баспанаға қол жеткізулері өте қиын.

«Неге осылай болды? Неге үй қымбат? Алтынмен апталып, күміспен күптелген үй емес қой олар. Неге қымбат екенін білесіздер ме, мен сіздерге айтайын, бұл сала еліміздегі ең жемқорлық молынан тараған салалардың бірі», - деді Азаматтық альянс басшысы.

 

Барлық жаңалықтар