- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда органикалық өнімді өндіру халықаралық стандартқа сай сәйкестендіріледі
Қазақстанда органикалық өнімді өндіру халықаралық стандартқа сай сәйкестендіріледі
«Заң жобасы елімізде органикалық өнім өндіруді дамыту үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруға, табиғи ресурстарды сақтауға, тамақ өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталады. Бұдан бөлек, қазақстандық сапалы, экологиялық таза азықтық өнімдердің экспортын ұлғайту шаралары көзделеді», - деді заң жобасына бастамашылық жасаған депутаттың бірі Төлеген Ибраев.
Бұл ретте құжат бойынша органикалық өнім өндірушілер, өзге де жеке және заңды тұлғалар, органикалық өнім мен шикізаттарды өндіру, қайта өңдеу, сәйкестігін растау, таңбалау қарастырылады.
Халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын ескере отырып, органикалық өнім өндіруге талаптар қойылады. Жабайы өсімдіктерді өңдеудің химиялық әдістерін болғызбау жағдайлары қарастырылады.
Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Қазақстанда органикалық егін шаруашылығы үшін 300 мың гектар жер пайдаланылады. Дегенмен, Қазақстанда органикалық өнімдер үлесіне елдегі барлық тұтынылатын өнімнің шамамен 0,1 пайызы келеді.
Қазақстанда өндірілетін органикалық өнімдерге астық және майлы дақылдар жатады. Дайын өнімнің ішінде әртүрлі дәнді-дақылдар, органикалық арақ пен шарап жатады. Аталмыш нарықтың дамуына кедергі келтіретіні органикалық тауар туралы заңнаманың болмауы.
Заң органикалық өнім өндіруді ұйымдастыру бойынша Үкіметтің және жергілікті билік органдардың жұмысын реттеу, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауды көздейді. Бұған еліміздің жағдайы да мүмкіндігі де зор.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері