- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қабылдады
Сенат жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қабылдады
Заң жобасының мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтың қатерлерінен Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
«Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңда белгіленген жемқорлық құқық бұзушылықтардың көпшілігі формалды және тәртіптік сипатта болғандықтан әрі материалдық игіліктерді көздемейтіндіктен, заң жобасында жемқорлық құқық бұзушылықтың жаңа көрінісі енгізіліп отыр», - деп баяндады Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова.
Заң жобасында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша негізгі өкілеттіктері бар уәкілетті орган айқындалды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері жүргізеді, оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жатады», - деп атап өтті ол.
Бұдан бөлек, заң жобасында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларацияны қамтитын қаржылық бақылау іс-шаралары да көзделген.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды