- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да қайта өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы сомасы 55,8 млрд. теңгеге 61 жобаны қаржыландыру басталды
ҚР-да қайта өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы сомасы 55,8 млрд. теңгеге 61 жобаны қаржыландыру басталды
«Ұлттық қордан 260 млрд теңге бөлінді, 100 млрд теңге – бұл коммерциялық банктер арқылы қайта өңдеу саласына болатын. Сонымен қатар 50 млрд және 85 млрд теңгеден 2 транш болды – жұмыс істеп жатқан өндіріс ошақтарына қолдау көрсету және экспорт көлемін арттыруға бағытталды. 75 млрд теңге – индустрияландыру жобаларына – ИИДМБ жобаларына. Банк бұл 75 млрд теңгеге өзінің 225 млрд теңгесін қосуы тиіс болатын. Біз 75 млрд теңгеге барлық жобаларды мақұлдадық. Қаржыны игеру жоба аясында бекітілген кестеге сай жүзеге асырылуда», - деді Б. Жәмішев
«Қазақстанның даму банкі» АҚ басшысының айтуынша, бірінші және екінші транш бойынша бөлінген қаражат есебінен өңдеу өнеркәсібін ұзақмерзімді қаржыландыру аясында 71 жобаны 73 млрд теңгеге қаржыландыру мақұлданса, жалпы сомасы 55,8 млрд. теңгеге 61 жобаны қаржыландыруды басталды.
«Олар химия өндірісі, металлургия, тамақ өндірісі салаларындағы жобалар. Екінші транштың жоғары жылдам игерілуі бұл қаражаттың жартысы қайта қаржыландырылуға немесе құрылымдауға бағытталды, ал бірінші транш тек жаңа жобаларға жұмсалды», - деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы «Нұрлы жол» халыққа Жолдауында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажетігін атап өтті. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы