Н.Ерімбетов: Үкіметтік органдарда бірізділік жоқ

2 Қараша, 2013 10:40
Бүгінде мемлекеттік органдарда бірізділік жоқ. Мұндай ойды бүгін ОКҚ брифингісінде «Қазақстанның Азаматты Альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігі президенті Нұрлан Ерімбетов айтты.

«Кеше ғана жаңадан Білім және ғылым министрі келді. Министрлердің бірі ЖОО жетілдірумен айналысса, енді бірі келіп ҰБТ-ті  алып тастамақшы. Форма ауысуда. Министр ретінде ол кез келген істі бастап, кез келген істі тастап кете береді. Жоғарыдағы бастамаларды көтергенде кім мені шақырып ойымды білгісі келді, олардың барлық істегендері халықтың игілігіне арналса, неге халықпен санаспайды? Неге менің өмірім жаңадан сайланған министрдің саясатына тәуелді болуы керек. Сол съезге ұстаздар мен ата-аналарды шақырса болмас па еді? Біздің елде балалар тәрбиесімен айналысатын үкіметтік емес ұйым жоқ. Қандай шешім қабылданса да халықтың пікірін  ескеруі керек», - деді Ерімбетов.

Оның айтуынша, біздің мемлекеттік органдарда бірізділік пен сабақтастық жоқ.

«Өзіңнен бұрынғы министрдің бастап кеткен ісін алдымен аяқтап ал, сосын өзіңнің бастамаларыңды көтер. Жұмағұлов бүгінге дейін қаншама істі көтерді, соны неге аяқтамайсың», - деп нақтылады Азаматтық альянс басшысы.

Ерімбетовтың пікірінше, әр министр өз ведомствосының жұмысын лайықты дәрежеде орындауы керек. Сонымен қатар, ол министрлердің мәселені жылы жауып қоя салатын баяндамаларын да сынады:

«Мен кейде министрлердің сөзін тыңдай отырып ештеңе де ұқпаймын. Әдемі сөзді бірінен кейін бірін жібергенде көтеріліп отырған негізгі мәселе басқа жақта қалады. Бастысы олар халықпен етене жақын араласпағандықтан, қиындықты көзбен көрмейді», - деп түйіндеді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар