- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Иранға сауда миссиясының қорытындысы бойынша 4,9 млн доллардың келісімі жасалды (ФОТО)
Қазақстанның Иранға сауда миссиясының қорытындысы бойынша 4,9 млн доллардың келісімі жасалды (ФОТО)
Іс-сапардың алдын ала қорытындысы бойынша, келіссөздер аясында қазақстандық металл құбырларын, оптикалық кабельдерді жеткізу, мұнай құрал-жабдықтарының инжинирингі бойынша 4,9 млн долл. жуық қаражат көлемінде келісімге қол қойылды
«Бүгінде біздің компания «KSP Steel» ЖШС тапсырыс берушімен 5 мың және 1 мың тоннадан иілмелі сым жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде. Атап өткіп келетіні, біз үшін ирандық нарықтың болашағы зор. Бұған дейін біз бұл нарыққа шикізат жеткізетінбіз. Алғаш рет сауда миссиясының құрамында біз әлеуетті сатып алушылармен кездестік, қазіргі танда сенімді серіктес іздестірудеміз», - деп атап өтті «KSP Steel»ЖШС компаниясының өкілі Арсен Алькен.
Делегация құрамында Иранды машинақұрылысы, химия, құрылыс, фармацевтика, тамақ, металлургия салаларындағы 17 қазақстандық компания аралады.
Іскерлік сапар аясында отандық кәсіпорындар Иранның ұлттық, көтерме-бөлшек сауда және дистрибьюторлық компанияларымен келіссөздер өткізді. Сонымен қатар, Иран Ислам Республикасының Мұнай және газ министрлігінде және Жолдар және қалалық құрылыс министрлігінде бірқатар кездесулер өткізілді.
Бұл осымен Тегеранда өтіп жатқан осындай сипаттағы үшінші шара. Алғашқы екеуінің қорытындысы бойынша 78 млн доллардан астам қаржыға келісім жасалды және аталмыш сауда миссияларына 20-ға жуық отандық өндірушілер қатысты.
«2014 жылы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 986,3 млн долл құрады, оның ішінде Қазақстанның Иранға экспорты 892,5 млн долл, Қазақстанның Ираннан импорты 93,8 млн долл көрсетті», - делінген хабарламада.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды