- Басты
- Жаңалықтар
- "Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалында тілдерді дамыту мәселелері талқыланды
"Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалында тілдерді дамыту мәселелері талқыланды
Облыс әкімдігі хабарлағандай, отырыстың жұмысына «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.С.Сапарова, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ж.Ж.Үмбетов, мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары және кәсіподақтар өкілдері қатысты.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру барысы туралы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Ә.Бимағанбетов баяндады. Әкімдікпен «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының бірлескен «Тіл тазалығы үшін» акциясының қорытындылары туралы қатысушыларға тілдерді дамыту басқармасының ономастика және көрнекі ақпараттық мониторингі бөлімінің басшысы Ж.Б.Науразбаев хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің қолданылуы туралы жағдайымен облыстық «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары Ж.Т.Кәкімжан таныстырып кетті.
Отырыс барысында «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратына және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне бір қатар ұсыныстар әзірледі.
Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарына визуалды ақпарат пен көрнекі насихат құралдарын заңнама талаптары мен әдеби тіл нормаларына сәйкестендіру туралы ұсыныс енгізілді.
Сондай-ақ, осы мәселені 2016 жылдың I тоқсанында қайта қарастыру туралы шешім қабылданды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді