- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат білім беру мәселелері заңына енген өзгертулерді мақұлдады
Сенат білім беру мәселелері заңына енген өзгертулерді мақұлдады
«Заң жобасы ҚР 8 заңына өзгертулерді енгіздіу қарастырады, заңды түрде студенттердің өндірістік тәжірибесі бекітіледі, бірінші мамандықтың жұмысына тегін ие болу құқығы мен дуальды білім алу және 12 жылдық білім беру моделі», - деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Айта кетейік, негізгі жаңалықтардың бірі білім беру жүйесіне студенттердің міндетті өндірістік тәжірибеден өтуі, дуальды оқыту, жастардың бірінші жұмысшы мамандығын тегін алуы секілді мәселелер заңнамалық тұрғыда қамтылады. Бұл ретте дуальды оқытуды өндірістік оқытудың кемінде алпыс пайызда болуын, кәсіпорынның базасында тәжірибеден өтуі қарастырылады. Бұдан бөлек, заң жалпы жүйелік шараларды, соның ішінде мұғалімнің, педагогтың беделін көтеруге бағытталған бірқатар нормалар енгізілді.
Сонымен қатар, заң жобасымен 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған адамдарға оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мамандығы бойынша міндетті жұмыспен өтеу нормасы енгізіледі. Әскери және арнаулы оқу орындарын қоспағанда, халықаралық аккредиттеуден өткен жағдайда ғана 2017 жылғы 1 қаңтардан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың мемлекеттік үлгідегі құжаттар беруіне рұқсат беру жолымен біртіндеп аттестаттаудан аккредиттеуге өту ұсынылады.
Министрдің айтуынша, мұғалімдерді даярлау мен жұмысқа қабылдауға қатысты талаптар күшейтіледі.
Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу құралдарының сараптамасын жүргізу ұйымдары жөніндегі қызметке мемлекеттік монополия енгізіледі. Жұмысқа қабылданатын үміткерлерден бұрын сотталғандығы мен психологиялық ауруларының бар-жоғы да тексеріледі, педагогикалық этика қағидасы мен оны орындаудың міндеттілігі енгізіледі. Сонымен бірге ата-аналар мен басқа да заңды өкілдерге педагогтардың қадір-қасиеті мен ар-намысын құрметтеу міндеттеледі.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері