- Басты
- Жаңалықтар
- А.Есімов: Қазақстан – ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш ел
А.Есімов: Қазақстан – ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш ел
29 Қазан, 2015 11:41
Қазақстан – ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш ел, деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Астанадағы VI халықаралық инвестициялық форумында.
«Қазақстан – ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш ел. ЭКСПО-2017 көрмесі « жасыл «энергетика саласында өзекті мәселелерді талқылаудың әлемдік алаңына айналады. Көрме елдің бірегей және көп жақты жобасы болып табылады. Ол экономикалық әлеуеттің ашылуына септігін тигізеді», - деді А.Есімов.
Ол атап өткендей, ЭКСПО-2017 тек халықаралық көрме ғана емес, елдің әр түрлі саласына инвестиция тартатын ірі инвестициялық алаң.
«Бүгінгі таңда 49 ел өзінің қатысуын растады, біз 100 ел қатысады деген үміттеміз. Бұл қаланың әлемдік аренадағы орнын жақсартып, оның туристік тартымдылығын арттырып, елорданың технологиялық дамығандығын паш етеді», - деді А.Есімов.
Ботагөз Айтжанова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция