- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат міндетті медициналық сақтандыру туралы заңды қабылдады
Сенат міндетті медициналық сақтандыру туралы заңды қабылдады
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова атап өткендей, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Мұнымен қатар, ол бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жеке медицинаны дамыту, медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті күшейтудің негізінде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.
«Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттің құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ, шұғыл жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді», - деп баяндады Т.Дүйсенова.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, заң жобасында 2020 жылға дейін өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған тұрғындарға республикалық бюджеттің есебінен амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.
Т.Дүйсенова атап өткендей, медициналық қызметтің екінші түрі қайтадан құрылатын медициналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакеті болмақ.
«Оған амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек, қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді», - деп нақтылады Т.Дүйсенова.
Аталмыш пакетті алу құқығы жарнасы төленген ел азаматтарына және ел аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Бұл ретте, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Ал жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылары үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін жарна аударатын болады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, аталған пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыру бойынша азаматтар медициналық қызметтерді жеке сақтандыру компанияларымен жасаған келісімшарт негізінде алады деп жоспарланып отыр.
Т.Дүйсенова жеткізгендей, міндетті ай сайынғы жарналар мен министрліктің медициналық қызметтерді төлеу комитетінің базасында коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық формасында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылады. Қордың құрылтайшысы әрі жалғыз акционері Үкімет болмақ.
Заң жобасына сәйкес, ерекше санаттағы азаматтар, яғни халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайды. Оның көлемі біртіндеп өседі, сөйтіп, мемлекеттің жарнасы 2017 жылы 4 пайыз, 2018 жылы 5 пайыз, 2023 жылы 6 пайыз, 2024 жылдан бастап 7 пайыз көлемінде болады.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері