- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Жақсыбеков: Астанаға 17 жыл ішінде 100 млрд доллардан астам қаржы инвестицияланды
Ә.Жақсыбеков: Астанаға 17 жыл ішінде 100 млрд доллардан астам қаржы инвестицияланды
«Астана өте жоғары жылдамдықпен дамып келеді. Бұл туралы макроэкономикалық көрсеткіштер айтып отыр. Сонымен, 17 жыл ішінде қала тұрғындарының саны шамамен үш есе көбейді, 65 есе жалпы өңірлік өнім артты, 17 есе өнеркәсіптік өндіріс өсті», - деп мәлімдеді әкім.
Оның айтуынша, Астананың еліміздің ЖІӨ-дегі үлесі үш есе артып, инвестиция көлемі 16-есе көбейді.
«Жалпы елорда құрылғалы бері шамамен 16 млн шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Біздің есептеуімізше шаһарға 100 млрд доллардан астам қаржы инвестицияланды. Менің ойымша бұл инвесторлар үшін үлкен мүмкіндік және елорданың мүмкіндіктері де зор»,- деп жалғастырды ол.
Ә.Жақсыбеков атап өткендей, Астанада жеке капиталға нарықты еш тәуекелсіз игеруге мүмкіндік беретін ашық және түсінікті механизмдер жасақталып, ұдайы жетілдіріліп келеді.
«Бүгінде №1 индустриалды паркте 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі шамамен 1 млрд долл. Құрады. Ал, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар 2 млрд доллардан астам қаржының қызметі мен өнімін өндірді», - деп түсіндірді әкім.
Сонымен қатар ол «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана EXPO-2017», «Заманауи қалалық көлік» және қалада жүзеге асырылып жатқан өзгеде жобаларға тоқталды.
«Бізде болашаға зор инвестиция үшін тартымды түрлі салалар бар. Жалпы, Астана арқылы Орталық Азияның, сонымен қатар көрші Ресей, Қытай елдерінің нарағына шығуға болады. Бүгін жалпы сомасы 1,9 млрд доллар болатын 34 меморанлумға қол қойылатын болады», - деп түйді әкім.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Astana Invest» инвестициялық форумы 6-шы рет қатарынан өтуде. Шараның басты міндеті – шетелдік инвесторларды тарту, өндірістік активтерді дамыту, жаңа жобалардың ашу. Форумға 30 елден 3 мың адам қатысуда.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі