- Басты
- Жаңалықтар
- Таныстық арқылы аймақта жұмыс істеуге болады, алайда таныстық арқылы елдің мүддесін қорғау мүмкін емес - Н. Ерімбетов
Таныстық арқылы аймақта жұмыс істеуге болады, алайда таныстық арқылы елдің мүддесін қорғау мүмкін емес - Н. Ерімбетов
«Бүгінгі таңдағы проблемаларды алып талқылайық. Ешқашан естімейтін суицид проблемасы бар. Сіздер бұл проблеманы үкімет төрағаларынан естідіңіздер ме? Жоқ! Бүгін бұқара Қазақстанның алкогольді қолдану жағынан көш бастап, алдыңғы қатардың біріне шыққанын айтып жатыр. Бұл мәселе көтеріле ме? Жоқ! Ал, біз не туралы айтамыз? Ғарыш туралы, ғарышқа ұшу туралы? Бүгін елімізді Кедендік Одақтың келіссөздерінде кім қорғап жатыр? Бұл жағдайды үкімет өкілдері де мойындап отыр. Президентпен бірге Путинмен келіссөздер жүргізуге баратын топ құрамында кімдер бар? Қайда олар? Таныстық арқылы аймақта жұмыс істеуге болады, алайда таныстық арқылы елдің мүддесін қорғау мүмкін емес», - деді Н. Ерімбетов.
Сонымен қатар,ол Президенттің үкіметтің кеңейтілген отырысында айтып өткен проблемаларды да көтерді.
«Президент 11 қазанда айтып өткендей проблемалар бар. Мәселен, қазақстандықтардың несиеге құнығып алуы. Бүгінгі таңда банктердің кәсіпкерлерге ақша беруі тиімді емес. Оларға бір жұмыскерді тауып алып, тұрақты айлығы бар біреуге несие берген артық. Банкирлердің алдына ондай мақсат кім қойды? Неге олар бұрынғыдай бәс тігіп кәсіпкерлерге несие бермейді?», - деді ол.
«Президент не болды? деген сұрақ қойды. Ол атап өткендей, соңғы жылы ШОБ субсидиялау 13 пайызға қысқарды. Ол адамдар енді қайда бармақ? Олар Президент айтпақшы көлеңкелі экономикаға барады», - деп Азаматтық альянс басшысы түйіндеді.
Оның айтуынша, өкінішке қарай үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің қойған талаптары әлі де шенеуніктерге жетпеді. Сондай-ақ, үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын өте баяу орындауда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады