- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада VI халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр
Астанада VI халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр
VI халықаралық инвестициялық форум Астананың әкімшілігі мен Қазақстанның бизнес жобаларының қатысушылары және әлемдік нарық ойыншыларының расында конструктивті диалог орнату үшін жүзеге асырылып отыр.
Шараның басты міндеттерінің тізімінде – шетелдік инвесторларды тарту, өндірістік активтерді дамыту, жаңа жобалардың ашылуы. Форум аясында индустриялды парктер мен өндіріс аймақтарын насихаттайтын «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана EXPO-2017», «Заманауи қалалық көлік» көрмелері өтіп, елорда кәсіпкерлерінің инвестициялық жобалары туралы ортақ стенд орнатылды.
Көрмеде Инвесторларға қызмет көрсету жеке павильоны орнатылды. Айта кетерлігі, тұңғыш рет қазақстандық инвестициялық форумның ақпараттық серіктесі болып әлемдік ірі медиа-холдинг «CNN International» болып отыр.
Ең басты рөлді ағылшын тілді «fDi» журналының бас редакторының Астанаға 20 еркін экономикалық аймағы бар қалалардың қатарына қосатын сертификаттың табыстауы атқармақ.
Шара барысында қазақстандық шетелдік компаниялар арасында 1,99 млрд доллардың меморандумына қол қою жоспарланған.
Айта кетейік, «Astana Invest» инвестициялық форумы 6-шы рет қатарынан өтуде. 2015 жылға дейін шара Астана экономикалық форумы аясында өткен болатын. Шараның кеңеюіне орай дербес «Astana Invest – 2015» V I инвестициялық форумын өткізу шешімі қабылданды. Шараға 30 елден 3 мың адам қатыспақ.
Ботагөз Айтжанова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын