- Басты
- Жаңалықтар
- Теміртауда өнеркәсіп өнімінің көлемі 265,5 млрд теңгені құрады
Теміртауда өнеркәсіп өнімінің көлемі 265,5 млрд теңгені құрады
Облыстың статистика департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылғы І жартыжылда өнеркәсіп өнімінің негізгі көлемі Теміртауда (265,5 млрд.теңге), Қарағандыда (187,6 млрд. теңге), Балқашта (169,2 млрд. теңге) және Жезқазғанда (133,6 млрд. теңге) өндірілді.
Оларға өндірілген өнеркәсіп өнімінің облыстық көлемінің 79,3%-ы тиесілі. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндіріс көлемінің өсуі Ақтоғай ауданында (17,2 есе), Жезқазғанда (2,2 есе), Сәтбаевта (54,5%), Жаңаарқа (34,1%) және Бұқар жырау (30,4%) аудандарында, Приозерде (25,2%), Осакаров ауданында (6,1%), Абай (2,1%) және Ұлытау (0,9%) аудандарында, Балқаш қаласында (0,3%) байқалды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының өсуі облыстың 15 өңірінде байқалды. Төмендеу Абай, Нұра және Осакаров аудандарында байқалды. Облыстың өнімді (қызметті) жалпы шығарудың жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлес салмақты Бұқар жырау – 17,7%, Шет – 13,4%, Абай – 10,8% және Қарқаралы – 10% аудандары алады.
Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі облыстың 6 өңірінде байқалды. Оған қоса, ең көп өсім Осакаров ауданында (2,1 есе) және Шахтинскіде (1,5 есе) байқалды.
Негізгі капиталға инвестициялық салымдар көлемінің өсуі ағымдағы жылғы 9 айда Қарағанды, Теміртау, Нұра және Ұлытау аудандарында игерілді. Оларға негізгі капиталға инвестициялардың облыстық көлемінің 58,5%-ы келеді.
2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек тауар айналымының айтарлықтай көлемі Қарағандыға келеді – 315,3 млрд. теңге немесе өткізудің облыстық көлемінің 76%-ы. Теміртау және Жезқазғанға өткізудің облыстық көлемінің 9,3% және 4,4%-ы тиесілі. Қалған өңірлердің үлесі 2,9%-дан (Балқаш) 0,05%-ға дейін (Ұлытау ауданы) ауытқиды.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді