- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлы жол: Павлодар облысының негізгі капиталына құйылған инвестиция 9 ай ішінде 293,3 млрд теңгені құрады
Нұрлы жол: Павлодар облысының негізгі капиталына құйылған инвестиция 9 ай ішінде 293,3 млрд теңгені құрады
Салымдардың жартысынан көбі немесе 55,6%-ы өңдеу өнеркәсібіне, 19,0% - электрмен қамтамасыз ету саласына және 13,1% - көлік және сақтау секторына тиесілі.
Аумақтар бойынша инвестиция көлемі Май ауданында барынша артып отыр – 3 есе дерлік, (290,4%), Лебяжі ауданында – 1,8 есе (182,7%), Качир ауданында – 1,5 есе (148,0%) және Екібастұз қаласында –1,7 есе (165,6%).
Инвестициялық салымдардың барынша азаюы Баянауыл және Успен аудандарында орын алған. Бұған дәлелді себептер бар, олардың бірі – 2014 жылы инвестициялық салымдар көлемінің жоғары болуы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 80,6 млрд. теңгені немесе 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 106,2%-ды құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығында – 108,6%, мал шаруашылығында – 104,3%.
Көкөнісшілер 15,9 мың га картоп жинады, жалпы жиналымы 394,6 мың тоннаны құрады, өнімділігі - 249 ц/га; көкөністер – 5,3 мың га, жалпы жиналымы - 152,1 мың тонна, орташа өнімділігі 287 ц/га. 1604,1 мың га шабындық жер шабылды, 1064 мың тонна қатты азық дайындалды.
2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 3,7 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 1,5 млрд. теңге. Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері барлығы 98,8 млрд. теңге сомаға 722 жоба мақұлданды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды