- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрлы жол: Алматы кәсіпорындары қазақстандық сипатттың үлесін арттыра түсуде
Нұрлы жол: Алматы кәсіпорындары қазақстандық сипатттың үлесін арттыра түсуде

«Біздің Президентіміз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап кәсіпкерлер табының қалыптасуына, соның ішінде кіші және орта бизнестің дамуына айрықша көңіл бөлді. Бұл күрделі міндет, соған қарамастан кәсіпкерлік қанат жайып, көпшілікке қажет өнімдерді шығара бастады. Алматы – көптеген параметрлер бойынша экономиканың драйвері. Мысалы, қалалық бюджет кірісінің 40% дан астамы құрамында жарты миллионға жуық адам жұмыс істейтін кіші және орта кәсіпорындардан түсуде. Бүгінгі күні еліміз бойынша жұмыс істеп жатқан кіші және орта кәсіпорындардың 15% Алматыда», -деді әкім.
Қала басшысы Алматыда жақсы инвестициялық ахуалдың қалыптасқандығын, қазақстандық үлестің артып келе жатқандығын да сөз етті. Осы ретте Б.Байбек «бір терезе» принципі бойынша жүретін рұқсат беру процедураларын жеңілдетуді, кәсіпорындарға қолдау көрсетуді баса айтты. Патронатты кәсіпорындарды қаржыландыру барысындағы көлеңкелі жайттар «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы іс- қимылының назарында болады деді ол.
Әкімнің орынбарасы Е.Аукенов қазақстандық үлеске байланысты қолдау көрсету тек кәсіпорындарға ғана емес мемлекеттік сатып алуға қатысатын мемлекеттік органдарға, қалаға қатысты кәсіпорындарды құратын мемлекеттік компанияларға да қатысты екендігін айтты. Мысалы, Алматы әкімдігі 2009 жылдан бастап тиісті акцияларды өткізіп келеді. Соның арқасында ұлттық компаниялар алматылық бизнес-субъектілермен бірге жалпы құны 65 млрд теңге болатын келісімді жасады. 2009 жылдан бері ол 13 есе өсіп, көлемі 857 млрд.теңгеге жетті,бұл жұмыс жалғасын табуда.Мысалы, биылғы жылдың қазан айында «ЭКСПО-2017»ҰК бірігіп өткен форум барысында алматылық кәсіпкерлер ЭКСПО-ға қатысты шараларды жүзеге асыру мақсатында 10 млрд.теңгеге келісім- шартқа отырды. Мұндай жұмыс алдағы Универсиадаға қатысты салынып жатқан обьектілер бойынша да жалғасын табады..
Қаланың негізгі салалары- қызмет көрсету мен сауданы дамыту үшін әкімдік пен «Даму»қоры бірігіп, қалалық «Жібек жолы» бағдарламасын қабылдаған болатын Бұл қордың жалпы сомасы 4 млрд.теңге. Пилотты жоба Алматыда жүзег аса бастады, бүгінгі күні кәсіпкерліктің 20 субьектілеріне 1 млрд.теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Бұлардан өзге кіші және орта бизнеске қаржылық және заңдылық көмек көрсететін негізгі серіктес болып табылатын «Байтерек» ұттық компангиясы да ауқымды жұмыстарды жүргізуде. Кәскпкерлер палатасы да жүйелі жұмыс жасауда.
Атап өтерлік жайт, бүгінгі форумда қаланың «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС құрылыс материалдарыцна қатысты «DUAL-SP» ЖШС-пен, П «Алматы Тазалык» МҚК «Казлегпром Алматы» ЖШС-пен,«Олжас ЛТД» ЖШС «Hyundai Trans Auto » ЖШС-пен, «Холдинг Алматы Су»МҚК «Спира-Берга»ЖШС-пен, «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС «Темирбетон 1» ЖШС-пен және «AGS стройиндустрия»ЖШС –пен келісімге қол қойды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
-
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде
-
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады

