• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодарда шведтік-қазақстандық инновация мен технология орталығы ашылады

Павлодарда шведтік-қазақстандық инновация мен технология орталығы ашылады

2 Қараша, 2013 09:30
Кеше, 1 қараша күні Павлодарда Павлодар облысының әкімдігі мен ҚР-дағы Швеция Королдігінің Елшілігімен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Келісім шарт халықаралық және аймақаралық сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық бағыттарды қарастырады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты шведтік-қазақстандық инновация мен технология орталығы арқылы дамуды күшейту», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар, кездесудің қорытындысы бойынша тараптар меморандум бойынша жұмыс тобын құру туралы келісті.

 

 

Барлық жаңалықтар