Оразақта 1-ші қарашада екі бөлмелі 67 пәтер пайдалануға беріледі

29 Қазан, 2015 09:21
Ақмола облысының Оразақ ауылында 1 қарашаға қарай екі бөлмелі 67 пәтер дайын болады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 46 үй пайдалануға берілді, 92 отбасы өз пәтерлеріне қоныстанды. 12 үйдің құрылысы  жақын уақытта аяқталады, ол дегеніміз жақында тағы 24 отбасы жаңа пәтер кілтіне ие болады.

Үйлердің құрылыс барысымен танысқан аймақ басшысы Сергей Кулагин мердігер ұйымдарына  назарын құрылыстың сапасы мен уақытына назар аударуын сұрады. 132 қажетті үйдің 56-сы салынды.

Айта кетерлігі, Оразақта  үйлердің құрылысына қолғабыс көрсетуші  асарлықтар еңбек етуде.

 

Барлық жаңалықтар