• Басты
  • Қызылорда облысының Арал қаласы көгілдір отынға қосылды
28 Қазан, 2015 19:38

Қызылорда облысының Арал қаласы көгілдір отынға қосылды

Арал ауданының орталығы көгілдір отынға қосылды. Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда облысының Арал қаласы көгілдір отынға қосылды | Strategy2050.kz

Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз" АҚ арасында былтыр жасалған меморандумға сәйкес, Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласын  газдандыруға қажетті қаражат бөлінген. Ал, келесі жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруымен облыстың қалған аудандары газбен қамтылатын болады.

 «Бүгін Қызылорда облысында көгілдір отынға төртінші аудан қосылып отыр. Бұл бастама жалғасын тауып, келер жылы қалған аудандарды да газдандырамыз. Біздің компания әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қояды. Барлық жұмысты сапалы әрі мерізімінен ерте аяқтап отырмыз»,   - деді «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев.

Ауданда алғаш болып үйіне көгілдір отынды кіргізген Берсүгіровтер  отбасы. Олардың қуанышында шек жоқ. Талай жылғы армандары орындалғанына риза.

«Жасыратыны жоқ, біздің ауданда отын мәселесі күрделі. Отқа жағатын ағаш таппаймыз. Көмірді көбірек сатып алуымызға тура келді. Енді, бұл қиыншылықтың артта қалғанына қуаныштымыз. Осындай мүмкіндік жасап жатқан Елбасына алғысымыз шексіз»,  - дейді  аудан тұрғыны Хұсайын Берсүгіров.

Арал қаласын газдандыру биыл мамыр айында басталып, газбен жабдықтау жүйесі мерзімінен екі ай бұрын пайдалануға беріліп отыр. «Қызылорда облысының 5 елді-мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ салған нысандар түгелдей дерлік межелеген мерзімінен әлдеқайда ерте аяқталып жатқанын ерекше атап өту керек.

5 ай ішінде Арал қаласында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан жоғары қысымды жеткізуші газ құбыры тартылып, 293 км қалаішілік газ құбырлары салынды. 2 газ тарату пункті (ГТП), 36 шкафтық газ тарату пункті (ШГТП) орнатылды. Енді 32 мың қала тұрғыны, 143 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. «Арал» АГТС қуаты өзге де елді-мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге жеткілікті болғандықтан, алдағы уақытта Жақсықылыш, Шижаға және Жалғызағаш ауылдарына да құбыр тарту жоспарда бар.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды