- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинациялау аясында 97% адам қамтылды – ДСӘДМ
Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинациялау аясында 97% адам қамтылды – ДСӘДМ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинациялаумен кемінде 95%-дық қамтуды ұсынды.
Бүгінгі таңда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 13 аймақта өз жұмысын аяқтады. Оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында 100%, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстары және Астана мен Алматы қалаларында 95-97%-дан астам адам қамтылды.
Қазірде Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға қызылшаға қарсы «тазарту» иммунизациясы, яғни, вакцинация жасау ісі аяқталып келеді.
Екпеден өткен адамдар арасында иммунизациялау нәтижесі бойынша жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өз жұмысын жаңғыртқан болатын.
Халықты қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚҚ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан келесі шаралар жүзеге асырылды:әрбір аймақта үйлестіру ісі бойынша аталған шараға жетекшілік ететін Астана, Алматы қалалары, облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен штабтар құрылды;денсаулық жағдайы ескеріле отырып, вакцинациялауға жататын адамдардың құрамы анықталды;медициналық қызметкерлерінен тұратын егу бригадалары оқытылып, дайындалды;санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай мектептер мен колледждер, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарында екпе кабинеттері дайындалды;жергілікті тұрғындар, оқытушылар, ата-аналар, мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
Министрлік иммунизация бойынша кампанияға күнделікті бақылау жүргізіліп отырады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді