• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Риодағы Олимпиада ойына қатысу үшін 100 лицензияны ұтып алуды жоспарлауда – МСМ

Қазақстан Риодағы Олимпиада ойына қатысу үшін 100 лицензияны ұтып алуды жоспарлауда – МСМ

28 Қазан, 2015 13:18
Қазақстан Риодағы Олимпиада ойына қатысу үшін 100 лицензияны ұтып алуды жоспарлауда, деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру жөніндегі комитеттің төрағасы Ильсияр Қанағатов.

«Ұлттық құрама команда алдында  спорттың 27 түрі бойынша 100 лицензия ұтып алу қарастырылған», - деді ол.

Бүгінде команда құрамасы 27 лицензияны ұтып алды.

Комитет басшысы атап өткендей, Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапалы өнер көрсетуі үшін елдің делегациясын дайындау бойынша шаралар қолданылуда.

Сондай-ақ, Паралимпиадалық ойындарға да дайындық мәселелері ерекше назарды қажет етеді, қазіргі таңда 17 спортшы спорттың 6 түрі бойынша лицензиялық нормативті орындады.

«10 лицензия алуды жоспарлап отырмыз», - деді И.Қанағатов.

 

Барлық жаңалықтар