- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ИДМ-нің қолдауымен «Инновациялар апталығы» өтеді
Қазақстанда ИДМ-нің қолдауымен «Инновациялар апталығы» өтеді
Айта кетейік, Инновациялар апталығы дегеніміз инвестиция және даму министрлігінің инновация мәселелері бойынша өткізілетін өзекті шаралардың қатары. Ол Алматы қаласында басталып, Астанада ірі Халықаралық инновациялық форум өткізумен аяқталатын болады.
Инновацияның оңтайлы экожүйесін қалыптастыру білімге негізделген жаңа экономиканы құрудың базалық қоры екендігі белгілі. Сондықтан әлемдік қаржы дағдарысы мен ғаламдық тартыс жағдайында Қазақстан білімді, перспективалы жобалар мен инвестицияларды тартудың жаңа бірегей мүмкіндіктерін іздестіруде.
Қазақстанның экономикасына білікті мамандар, жас ғалымдар, өнертапқыштар, инноваторлар, инженерлер мен рационализаторлардың тұрақты толыға беруі өте маңызды.
«Инновациялар апталығының» басты міндеті – әлемнің әр бұрышынан және елімізден технологиялық бизнес-қауымдастықтың жаңа ойыншыларын тарту үшін Қазақстанды әлеуеті ең оңтайлы жаңа өңірлік инновациялық хаб ретіндегі мүмкіндіктерін паш ету.
Бұл шаралар «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ және «Almaty Tech Garden».Инновациялық технологиялар паркінің Автономиялық кластерлік қорының қатысуымен іске асырылуда.
9 қарашада «Инновациялық апталық» Алматыда жас инноваторларды оқыту, оларды жыл сайынғы «Startup Day» (Стартап күні) күніне дайындау мақсатында семинарлар топтамасын ұйымдастырудан басталады.
10 қарашада ең тәуір Startup Day стартап-жобалар мемлекет және инвесторлар тарапының бұдан былай қаржыландыруына ұсынылатын болады.
11 қарашада Алматы қаласында Showcase (демонстрация проектов «Парка Инновациялық технологиялар паркінің» жобаларын көрсету) және жүзеге асырылу үстіндегі инновациялық кластер жобалары мен дамуы көрсетілетін Tech Garden инкубаторының ресми ашылуы өткізіледі.
12 қарашада Астана қаласында «Қазақстан – жаңа жаһандық инновациялық хаб» тақырыбында Халықаралық инновациялық хаб (TechConnect.Tech.) өткізіледі.
13 қарашада «Инновациялар аптасы» Астана қаласында өтетін «Инновациялық технологиялар паркі» Автономиялық кластерлік қоры мен IBM компаниясының «IBM SolutionsConnect 2015сәтті пайдалан» тақырыбындағы бірлескен конференциямен аяқталады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды